Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
2026 жылғы 24 қарашадағы құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы №56 Жарлығына өзгеріс енгізілді. Ұлттық комиссияның құрамы жаңа редакцияда бекітілді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізildi. Ақорда жариялаған №1577 Жарлыққа сәйкес, комиссия төрағасы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай бекітілді.
Комиссия төрағасының орынбасарлары – Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева мен кәсіпкер Назгүл Мақжанова. Ал комиссия хатшысы болып гендерлік және отбасылық саясат саласының сарапшысы Гаухар Нұрахметова бекітілді. Жаңартылған комиссия құрамына барлығы 30 адам енді. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, журналистер, кәсіпкерлер, психологтер және түрлі сала сарапшылары бар.