Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдау әрекеттерін айыптады

Редактор
11 мар. 2026 г., 09:00
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне шабуылдау әрекеттерін айыптады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін айтты.