$ 462.87
 540.72
 6.16

Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындады

Редактор
15.04.2026, 09:06
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Наурыздың соңында президент "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған Бауыржан Артықовты қызметінен босатты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.