$ 484.78
 558.66
 6.6

Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Редактор
09.06.2026, 15:30
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Берік Уәли өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткенін айтты. 

Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталды.

инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты.

Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Семей қаласында құны 714 миллиард теңгені құрайтын жаңа жылу электр орталығы мен жалпы инвестиция көлемі 255 миллиард теңге болатын тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр.

арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да баяндады. 

Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Үш ірі жоба бойынша ұсыныс келіп түсті.

Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді. Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған.

өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қолға алынған жобаларды таныстырды. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін жаңарту, Семей қаласындағы жаңа көпір құрылысын аяқтау, тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары баяндалды. 

Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау