$ 482.53
 555.44
 5.92

Тойда құдағиды «алып қашатынын» айтқан Қайрат Әділгерей сынға қалды

Редактор
30.03.2026, 10:06
Коллаж: bairaqmedia.kz
Коллаж: bairaqmedia.kz
Көпшілік асабаның жүргізу мәнерін сынға алды. 

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбектің тойын жүргізген актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Той барысында асабаның келіннің анасына айтқан әзілі көпшілікке жақпай қалды.

«Құдағи 7 баланың анасы, бірақ мен сізді көшеде көрсем алып қашуға дайынмын», – деген сөзі желіде қызу пікірталас тудырды.

Осыдан кейін қолданушылар асабаның жүргізу мәнерін сынға алды:

"Көпшілік Қайратты таңдағанына таңғалып тұрмын, мәдениет, әдеп өте төмен. Жүргізе алмады, артық сөздері көп. Қайрат шектен шықтың ұят. Аузына не келсе соны айтты", – деп жазды желі қолданушылары.