Теміртау қаласында мектептерде жарылғыш зат бар деген ақпарат таралып, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Алайда құқық қорғау органдары бұл мәліметке жедел түрде жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Ресми түрде мәлімдейміз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әдейі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлері тарапынан тексерілді және қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД өкілдері.
Ведомство жалған «әзілдердің» авторлары үшін салдары ауыр болатынын ескертті: терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қала тұрғындарына сабыр сақтап, тек ресми дереккөздерге сену қажеттігі ескертілді.