Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық қарым-қатынасқа қатысты өткір жазба жариялап, оқырмандарын елең еткізді. Өнер иесі төрт баласы бар ер адаммен қарым-қатынас құрды деген әйел туралы айтып, мұндай адамдарды көпшілікке жариялау мәселесін көтерді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Әншінің жазбасына қарағанда, сөз болып отырған жағдайдың салдарынан бір отбасы ажырасудың алдында тұр. Алайда Жазира Байырбекова оқиғаның кімдерге қатысты екенін және өзіне бұл ақпараттың қайдан жеткенін нақтыламаған.
«Отбасын бұзған әйелдердің түрін инстаға шығарып, халыққа таныстырып тұратын парақша ашамыз ба? 4 баласы бар еркекпен жүріс жасап, осы әйел үшін бір отбасы ажырасып жатыр. 1 сағат тұрсын, сосын алып тастаймын», – деп жазды Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, әнші Жазира Байырбекова кейін бұл жазбаны әлеуметтік желіден өшіріп тастаған.