Аймақ

Талғарда жоғалған екі бала таулы аймақтан табылды

14:49, 01 мамыр 2025 26

Алматы облысы Талғар ауданында екі бала жоғалып кетіп, ТЖМ құтқарушылары оларды бір түн ішінде тауып алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2020 және 2015 жылы туған бауырлар кешкісін үйдің алдында ойнап жүріп жоғалып кеткен. Ата-аналары 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.

Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде 2020 жылы туған ұл бала үйден 3 шақырым қашықтықта таулы аймақта түн ішінде табылса, 2015 жылы туған әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан үйден шамамен 10 шақырым жерде таңертең ерте бірақ табылды. Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды, – делінген хабарламада.

Жақындары құтқарушыларға алғыс білдірді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз