Астанада алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Аруке мен Эдина әлеуметтік желіде тараған эфирдегі сөзі үшін Қазақстан және Қырғызстан азаматтарынан кешірім сұрады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Студенттер қазақ тілінде видеоүндеу жариялап, өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайтынын мойындады.
«Интернетте тарап кеткен сөздеріміз үшін кешірім сұраймыз. Қандай жағдай болмасын, басқа халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайды. Біздің мақсатымыз қазақ халқын қорлау болған жоқ. Айтқан сөздерімізге шын жүректен өкінеміз», – деді олар.
Қыздар эфир барысында блогердің арандатушы сұрақтар қойғанын айтып, бұл жағдай даулы пікірлерін ақтамайтынын атап өтті.
Бұған дейін студенттердің онлайн эфирінен үзінді әлеуметтік желіде таралып, онда Кенесары ханның бас сүйегіне қатысты даулы пікір айтылған. Видео Қазақстан мен Қырғызстан қолданушылары арасында қызу талқыланған.