$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57

«Сұлтан Сүлейменнің» қос жұлдызы есірткіге қатысты іс бойынша ұсталды

Редактор
26.11.2026, 10:07
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Алғашқы кезеңде олардың 23-і ұсталған. Олардың арасында танымал әнші әрі актер Өзжан Дениз де бар

Түркияның Ыстанбұл қаласында есірткіге қатысты ауқымды тергеу аясында танымал өнер жұлдыздары ұсталды. Олардың арасында «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Шах Сұлтанды сомдаған Дениз Чакыр мен Хуриджихан Сұлтанның рөлін ойнаған Буржу Өзберк те бар, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Ыстанбұлдың Бас прокуратурасының мәліметінше, есірткі және психотроптық заттарды сату, жеткізу, қолдану және сақтау, сондай-ақ жезөкшелікке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Прокуратура есірткі қолданды немесе сақтады деген күдікпен 35 адамды ұстау туралы шешім шығарған. Алғашқы кезеңде олардың 23-і ұсталған. Олардың арасында танымал әнші әрі актер Өзжан Дениз де бар.

Күдіктілерді ұстауға куәгерлердің айғақтары, жасырын куәлардың мәлімдемелері, сондай-ақ тәркіленген ұялы телефондар мен басқа да цифрлық материалдарды сараптау нәтижелері негіз болған. Кейінгі мәлімет бойынша, 24 күдікті есірткіге қатысты медициналық тексеруден өтіп, Ыстанбұлдағы сот ғимаратына жеткізілген.

Прокуратура әр күдіктіге қатысты тергеу материалдарын жеке жариялаған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Ұсталған азаматтардың кінәсі сот шешімімен дәлелденген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау