$ 464.86
 544.03
 6.14

Щучинстегі жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды

Редактор
10.03.2026, 09:40
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
Щучинск қаласындағы өрт салдарынан қайтыс болғандардың саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 8 наурызда "Авиценна-Бурабай" жеке меншік клиниканың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам қайтыс болған.

Ал кеше, 9 наурызда Көкшетаудағы облыстық көпсалалы ауруханада өрт кезінде ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.

Айта кетері, "Палау орталығында" болған өрт кезінде 7 адам қайтыс болған. Сол кезде Щучинскідегі "Авиценна-Бурабай" стационарына төрт адам, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне төрт науқас түсті.