Шоу-бизнес әлемі

«Сотталып кете жаздадым»: Әнші «Қойшы бала» жан сырын ақтарды

12:02, 05 желтоқсан 2025 26

«Қойшы бала» лақап атымен танылған әнші Айдос Кәден аяқтан шалғандардың кесірінен сотталып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әншінің айтуынша, ол басына түскен қиындықтың мән-жайын ашып айтпай, тек тұспалдап жеткізді.

«Екі жылға сотталып кете жаздадым. Аяқтан шалды. Видеоның кесірі болды. Алайда өзімді өзім ақтап шықтым. Өзімнің ақ екенімді дәлелдей алдым. Адвокат жалдауға ақша керек болды. Білесіздер ғой. Ашып айтатын зат емес», – деді ол.

Айдос сондай-ақ бұрынғы продюсері Жігер Ауыпбаевтан кеткені дұрыс шешім болмағанын мойындады. Әнші айналасындағы адамдардың сөзіне еріп қалғанына өкінетінін жеткізді.

«Қайтып бара алмаймын, ренжулі шығар. Бірақ бұл жек көргенім емес», – деп түйіндеді «Қойшы бала».

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз