$ 464.86
 544.03
 6.14

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Редактор
02.03.2026, 23:38
ашық дерек көз
ашық дерек көз
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жеткен.

Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.

"Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен", - делінген хабарламада.

Бюро Қазақстан халқының саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткенін еске салды.