Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді, деп жазады bairaqmedia.kz.
Ол желі қолданушыларының кей жазбаларына ашық үн қатып, өсек айтатын жандарды сынға алған.
«Жасарын жасап, асарын-асап болған, өсектен басқа айтар тірлігі жоқ, не келінге сыймайтын, не немереге жақсы сөз айта алмайтын, жақсы қартайсам деп емес, қарғыс алып күнәхәр болып қартайып жатқан апайларға айтарым! Бұралаң сөз бұтыма! Ауыз өзіңдікі болғанымен, шығатын жер біреу екенін ұмытпа», – деп жазды ашынған келіншек.