Қоғам

Қазақстан Таяу Шығыстағы жеті елге сәлемдемелер жіберуді уақытша тоқтатты

17:18, 02 наурыз 2026 21

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Иордания және Израильге халықаралық әуе пошта жөнелтілімдерін қабылдау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Иордания және Израильдің пошта операторлары халықаралық әуе поштасын қабылдау мен өңдеуді тоқтатқаны туралы хабарлады, - делінген "Қазпошта" хабарламасында.

Бұл іс жүзінде Қазақстаннан аталған елдерге сәлемдемелер мен хаттарды жіберудің уақытша мүмкін еместігін білдіреді.

Компанияның мәліметінше:

пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерін қабылдау уақытша тоқтатылды;

шектеулер арнайы өкім шыққанға дейін күшінде болады;

әуе поштасы қабылданбайды және өңделмейді.

Қабылдаудың қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз