Қоғам

«Алданып қалмаңыздар»: Әзілкеш Қайрат Әділгерей халыққа үндеу жасады

09:34, 03 наурыз 2026 24

Белгілі актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей халықты алаяқтықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Қайрат Әділгерейдің үндеуін Абай облысының полиция департаменті жариялады.
"Соңғы кезде алаяқтық қылмысы көбейіп кетті. Соған байланысты рейд жүріп жатыр. Осы ретте ескерте кететін жайт, карточканың кодтарын, банктегі шоттарды, жеке ақпараттарыңызды ешкімке айтпаңыздар", - деді әзілкеш.
Қайрат Әділгерей күмән келтіретін сілтемелерге өтіп, алданып қалмауға, барынша сауатты болуға үндеді.
"Егер түсінбеген сұрақтарыңыз болса, мамандарға хабарласып, алданып қалмаудың амалын жасаңыздар", - деп түйіндеді
Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз