$ 447.88
 516.58
 5.29

Сот залында қамауға алынды: Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге үкім шықты

Редактор
16.09.2026, 11:45
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Ол 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

«Сот Жақсыген Нұрсұлтанды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелетін болады», – деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Сонымен қатар сот үкімімен Жақсыгенге бес жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынған.

Сот Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өндіріп беру туралы шешім қабылдаған.

Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Рустам Әбдірахманов жазбасында істі тергеген Алматы облысы Полиция департаменті мен Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне, прокуратураға және мемлекеттік айыптаушы Нұрбол Омербаевқа алғыс білдірді. Сондай-ақ сот процесін жүргізген судьяның еңбегін атап өтті.

Ол істің қоғам назарында болуына үлес қосқан журналист Руслан Өтепбайға және Фаризаға қолдау білдірген азаматтарға да ризашылығын жеткізді.

Жазба авторы Фаризаның енді ауыр кезеңді артқа тастап, өз өмірі мен балаларының тәрбиесіне көңіл бөле алатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау