Танымал әнші Тоқтар Серіков Instagram-дағы ресми парақшасында нағашысының өмірден озғанын хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.
Өнер иесі туысына арнаған жүрекжарды жыр жолдарын жариялап, жақын жандарынан айырылғанын ауыр қабылдап отырғанын жеткізді.
"Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың,
Сенде кеттің, бұл өмірден қош айтып.
Жас толтырып екі көздің, қарасың.
Айнымаған анашымнан жалғызым,
Шырылдайды көкірегімде жалғыз үн.
Кемесіне отырғызып келместің,
Боздап қалды жалғыз ұл мен бар қызың", – деп жазды ол.