Қыздың жақсы көруінен гөрі, оны шын сүйетін жігіттің кездескені әлдеқайда маңызды. Бұл туралы Қайрат Әділгерейдің әйелі, киносыншы Бақыт Тұрман «TABOO» бағдарламасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның сөзінше, жігіт шын сүйетін қызын жолықтырса, ақшаны да табады, барлық істі де тындырады.
«Ол 200 пайыз бақытқа апаратын жол. Мен соны түсіндім ғой өмірде. Ер адам сүйетін адамы үшін барлығына дайын ғой. Ер адам сүйген кезде қандай іс-әрекеттерге барады? Өзінің сүйетін адамына қол жеткізген кезде өмірге деген бүкіл қабілеттері ашылады», — деді Бақыт Тұрман.
Киносыншының айтуынша, ол өзін шын сүйген жігітпен жолыққан.
«Қазір ер адамдар ақша таппайды деп жатады. Ерлері көңіл бөлмейді дейді. Кейбіреулер маған ренжитін шығар. Бірақ сол ер адамның алдына сүйетін адамын апарып қойыңызшы, ұшады ғой, ракета болып сол адамы үшін», — деді ол.