Аймақ

Шымкентте қызды күштеп алып қашқан: Полиция мәлімдеме жасады

14:28, 16 қаңтар 2026 135

Шымкент қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасалды деген ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, жұртшылықтың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Аталған дерекке байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті ресми тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жәбірленуші өзіне қатысты оқиғаның қалай өрбігенін баяндайды.

Оның айтуынша, өзін күштеп алып қашып, алдын ала ұйымдастырылған түрде белгілі бір үйге апарған. Сол жерде күдіктінің жақындары оны қалуға көндіріп, ақыр соңында «ешқандай шағымым жоқ» деген мазмұнда хат жазуға мәжбүрлеген.

Бойжеткен өз сөзінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын атап өтіп, алайда бұл іске қатысы бар тұлғалардың әлі күнге дейін заң алдында тиісті жауапкершілікке тартылмағанын алға тартады.

Аталған жағдайға қатысты полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, қыздың арызы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Іске қатысы бар барлық тұлға полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары кешенді түрде жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз