Қоғам

Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандардың арасында дәмхана қызметкерінің қызы да бар

12:01, 27 ақпан 2026 37

Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқан 7 адамның 6-уы дәмхана қызметкері, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Ақмола облысының әкімдігі.

Соңғы мәліметке сәйкес, қайтыс болғандардың арасында дәмхана қызметкерінің 16 жастағы қызы да бар. Анасы сол дәмханада жұмыс істеген.

Облыс бойынша төтенше жағдайлар департаменті өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу басталғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, Щучинск қаласында дәмханада жарылыс болып, 7 адам қаза болды. Тағы 21 адам жарақат алды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз