ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға Ұлан ауданында болған. Қоржынкөл көлінде екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға көлге шығып, желдің салдарынан жағалауға өз бетінше жете алмай, 112-ге көмек сұраған.
Көмекке құтқарушылар барып, 1973 және 1975 жылы туылған екі ер адамды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламада.
ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қатты жел кезінде қайықпен суға шықпауларыңызды сұрайды.