Аймақ

Шіріген көкөніс шыбын-шіркейдің ордасына айналды

16:52, 10 сәуір 2025 48

Жамбыл облысында түкке жарамай, далада шіріп қалған қант қызылшасы енді жұрттың мазасын алып жатыр. Шаруалардың ала жаздайғы еңбегі шыбын-шіркейдің отанына айналған деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Меркідегі зауыт маңындағы елді мекеннің тұрғындары шыбын-шіркейден тынысымыз тарылып, демалу мүмкін болмай барады деп дабыл қағуда. Ал, аудан атқамінерлері кәсіпорын айналасын шіріген қызылшадан түгел тазарттық деуден танбай отыр. Бірақ сол залалсыздандыру жұмыстары еш нәтиже бермеген сыңайлы. Тұрғындар енді ауылдағы антисанитариядан ауру тарай ма деп қауіптенеді. Айтуларынша, наурыз айынан бері тіпті бұл елді мекенде балалар арасында ішек инфекциясы көптеп тіркеле бастаған. Ал, қолқаны қапқан қолаңса иіс бүкіл аудан орталығына дейін жеткен. Енді әкімдік өкілдері шіріген қант шикізаты ауылдан алысырақ - арнайы орынға тасымалданады дейді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз