Қоғам

Шавкат Рахмоновтың әйелі қатысқан жол апаты: Сот отырысы өтетін күн белгілі болды

15:41, 12 ақпан 2026 32

UFC спортшысы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істің алдын ала отырысы 16 ақпанда өтетін болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

Айта кетейік, Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова екі адам қаза тапқан өлімге соқтырған жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған болатын. Ол туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеген. 

Оған дейін Гулайым Рахмонова іс бойынша қорғауға құқығы бар куә ретінде өтіп келген. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз