Әлеуметтік желіде хиджаб киген блогер әрі стилист Айдана Талғатқызының көшеде ашық киімдегі қыздарға жақындап, оларға орамал тағып көруді ұсынған видеосы қызу талқыға түсті. Кейбір оқырман видео авторын «хиджапқа үгіт-насихат жүргізді» деген күдікпен тексеруді ұсынуда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айдана – хиджаб брендінің иесі, ол жиі уличный-видео түсіріп, онда қыздар көшеде киім ауыстырып, жаңа образды сыйлық ретінде алады.
Бұл жолғы ролик үш миллионнан астам қаралым жинап, желіні екіге жарды.
«Біз сіздерге минишорт пен топик әкеліп, хиджабыңызды шеш деп жүрген жоқпыз. Сіздер неге олай жасайсыз?» – деп жазды бір қолданушы.
«Хиджабқа қарсымын. Қазақ қыздары бұрын ондай кимеген. Қазір жастар оверсайз киеді», – деп қосты тағы бірі.
Желіде бұл оқиғаға байланысты пікірталас әлі де тоқтайтын түрі жоқ.