$ 478.77
 548.62
 5.87

Сарыағашта әкесін ұрып-соққаны үшін сотталған асабаның жазасы өзгерді

Редактор
01.04.2026, 16:30
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Сотталған адамның жасаған қылмысы қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі.

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып өлтірген ер адамға үкім өзгерді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Оған прокуратураның келтірген апелляциялық өтініш хаты себеп болған.

Бірінші сатылы сот ер адамды биыл 16 қаңтарда 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған. Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, ер адам жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, тағайындалған жазаның мөлшерін жан-жақты, толық және объективті түрде зерделеген.

"Сотталған адамның жасаған қылмысы қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, оны қинап, ұдайы ұрып-соғып, психикалық зардап шеккізген. Барынша арсыздықпен, аса қатыгездікпен, өзінің туған әкесінің денсаулығына қасақана орта деңгейде жарақат салған. Бірнеше уақыт қинап келген. Жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, жерлеп тастаған. Бұл - жаза мөлшерін ұлғайтуға толық негіз", - дейді сотта.

Екінші үкім 31 наурызды шықты. Әкесін ұрып өлтірген ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды.