Мәдениет

Сәкен Майғазиев 2 мың адамға дүркіретіп той жасамақ

21:04, 01 маусым 2025 27

Танымал әнші Сәкен Майғазиев 2 мың адамға дүркіретіп той жасамақ. Қазір өнер иесі тойдың қызу дайындығына кіріскен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Өнер жұлдызы ұлы Әділет пен болашақ келіні Әдияның тойына дайындық барысы жайлы Istagram желісінде бөлісті. Шақырту таратудың өзіне біраз әбігер болғанын жазып, екіойлы қонақтардың жауабынан шаршағанын мәлімдеді.

Тойды ұйымдастыруды танымал продюсер Жан Мұқанов мойнына алыпты.

Бұл Сәкен мен Динара Майғазиевтердің жалғыз ұлының үлкен қуанышы. Жай ғана қуаныш емес - елдің мәдени өміріндегі ерекше сәт. Сол себепті мен бас продюсер ретінде барлық декораторларды, дизайнерлерді, ұйымдастырушыларды, өнер мен сұлулықты түсінетін серіктестерді ресми түрде шақырамын - бірге үлкен мәдени оқиғаны жасап шығарайық, - деп жазды продюсер.

          Бір қызығы ұлан-асыр тойға екі мың адам шақырылғанымен мейрамханаға  тек мың қонақ сыяды екен.

«Кешке 2000 адам шақырылыпты. Бірақ мейрамханадағы орын әрі кетсе, мың орынға есептелген. Сондықтан тізімді қарап, “Кімді қиямыз, ағайын?” – деп ойланып отырмын», – дейді продюсер.

Жан Мұқанов бұл тойды барынша ерекше қылып ұйымдастырмақ. Онда қызыл кілемнен басқа, тойдың тікелей көрсетілімі де болмақ. 

Айта кетейік, «МузАРТ» тобының мүшесі жаңаөзендіктермен құда болғалы жатыр.

Сәкен Майғазиевтің шаңырағындағы құдалық маусымның алтысында өтеді.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз