$ 478.77
 548.62
 5.87

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай сәбиіне Кенесары есімін қойған 10 отбасыға 4 млн теңге берді

Редактор
01.04.2026, 15:25
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
 Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі іс тек бір реттік шара емес.  Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі қолбасшысын ұлықтау жалғаса бермек.  

Белгілі журналист әрі кәсіпкер Нұрсейіт Жылқышыбай мен “Аламан” орталығы наурыз айының 1-31 аралығында дүниеге келген сәбиіне Кенесары атын қойған ата-аналарға 400 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетті. Жалпы саны 10 отбасыға 4 миллион теңге көлемінде жөргекпұл табысталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл бастама – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи тұлғалардың есімін жаңғырту және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі іс тек бір реттік шара емес. Яғни, алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жоба аясында қоғамда осындай есімдерге деген қызығушылықты арттыру, ата-аналарды тарихи мұраға жақындату және жас ұрпаққа рухани тәрбие беру көзделіп отыр. Бұл жоба көпшілік тарапынан үлкен қолдау тауып, әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың көбейе беруіне тілектестіктерін жеткізді.