$ 464.02
 536.18
 5.54

Рыбакинаға әлемдік рейтингте көшбасшы болу шарты қойылды

Редактор
16.08.2026, 11:56
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Рыбакина WTA рейтингіндегі бірінші орын үшін күресте Соболенкоға арадағы алшақтығын қысқартып келеді 

Испанияның Punto de Break теннис басылымы Елена Рыбакинаның АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте көш бастау мүмкіндігін бағалады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Sports.kz мәліметінше, қазір Рыбакина WTA рейтингіндегі бірінші орын үшін күресте Соболенкоға арадағы алшақтығын қысқартып келеді және әлемдік рейтингтің көшбасшысы атануға нақты мүмкіндігі бар.

Басылымның жазуынша, Рыбакинаның сазды және шөп төсеніштердегі көрсеткіштері мінсіз болмағанына қарамастан, Соболенконың нәтижелеріндегі қиындықтар көшбасшының ауысуына мүмкіндік берді.

Беларусь өкілі әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде 103 апта болды, оның 95 аптасында қатарынан көш бастады. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Рыбакина оның көшбасшылығына айтарлықтай қауіп төндіріп отыр.

Цинциннати турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынға талас мүмкіндігін сақтау үшін қазақстандық теннисші кем дегенде финалға дейін жетуі керек. Сонымен қатар Рыбакинаның финалға шығуының өзі жеткіліксіз — ол үшін Соболенко ширек финалға дейін жетпеуі керек.