Қостанай облысындағы дала өртін сөндіруге 80-нен аса адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығы мен өртке қарсы ерікті құралымдардың үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуын болдырмау және оның орман қорына өтуін болдырмау мүмкін туды, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт сөндіруге 80-нен астам адам мен 25 техника, сондай-ақ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт 700 гектарға жуық алаңда сөндірілді.
Сондай-ақ, Павлодар облысының Жақсыбай орманшылығында дала өртенді. Күрделі табиғи жағдай мен өрттің таралу қаупі жағдайында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өртті сөндіруге кірісті. Операциялар күштер мен құралдарды толық жұмылдыра отырып, тәулік бойы жүргізілді.
Кеше таңертең 20 гектар аумақта өрт сағат 09:05-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 220 адам мен 63 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Абай облысында «Семей орманы» резерватының аумағында 1200 гектар жерді шарпыған өрт болғанын хабарлаған болатынбыз.