Қоғам

Қабырғасы құлайын деп тұр: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігін сынға алды

10:36, 07 сәуір 2025 43

Жаркентке жолға шыққан әнші  Шелек ауылының әкімдігіне соққан. Алайда, онда тірі жан болмай шығыпты деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Ішке сол күйі кіре алмаған Мақпал Жүнісова әкімдік ғимаратының сапасын сынға алды. Айтуынша, нысанның қабырғасы құлау алдында тұр. Әрі құрылыс материалдары біреудің басына түспей тұрғанда, олқылықты ретке келтіруді сұраған.

Сондай-ақ, тек әкімдіктің алдын емес, жан-жақты түгел жинап қоюды талап етіп, Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады. 

Жолдағы дәретханалардың жағдайы да танымал әншіні шошытқан. 

Жаркентке жолға шыққан едім, жолшыбай түскі ас ішеміз деп бірнеше кафеге кіріп, қарнымыз ашты. Бір жерде дәретхана жоқ, бәрі далада, оның өзінен шошисың, ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер? - деп жазды әнші. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз