Аймақ

Қос науқастың  өлімінен кейін Жамбыл облысындағы ем-шара бөлмелері жаппай жабылып жатыр

16:52, 19 маусым 2025 33

Жамбыл облысында екі науқастың өлімінен кейін ем-шара бөлмелері жаппай жабылып жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Министрліктің тексерісінен кейін жүзге жуық медициналық қызмет көрсететін бөлімшелер өз жұмысын тоқтатқан. Министрлік мамандарының мәліметінше аймақтағы 140-қа жуық ем-шара кабинеттерінің басым бөлігі лицензиясыз қызмет көрсеткен. Кейбірі, тіпті, мерзімі өткен препараттарды науқастарға егіп келген. 

Сорақысы сол, 38 ем-шара бөлмесінде  рұқсат қағазы бар дәрігер болмаған. Осылайша өз бетінше ем жүргізіп, науқастардың обалына қалған орталықтарға жалпы соммасы 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Ал, өрескел қателікке жол беріп,  адам өлімі тіркелген орталыққа қатысты сот процесі басталды.

Процедура кабинетінде дәрігерсіз медсестраларға жұмыс істеуге болмайды заң бойынша. Біздің тексерген нысандарда дәрігерсіз жұмыс істеген 133 тің 93-і өз еркімен жабылды. Оның З8 де доврачебный кабинетке лицензия болса қалғанында рұқсат қағазы болмаған, - деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Айгүл Балғабаева.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз