Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мүфтиі, дінтанушы-ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қаралы хабар туралы белгілі жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ережеп айының соңғы жұма күнінде, Миғраж кеші өткен соң Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш Бас мүфтиі, ҚМДБ-ның ең алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлының (1940-2026) бұл пәни жалғандағы соңғы демі үзіліп, Раббысына қайтты», деп жазды ол.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылдың 14 қарашасында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі.