Қоғам

«Қияметте жауап бересіздер»: Нұрлан имам ерін үлкейту харам екенін айтты

17:00, 04 наурыз 2026 14

Нұрлан имам әлеуметтік желіде блефаропластикаға қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол ерінді үлкейту сияқты әрекеттерді харам деп атап, намазхан қыздарға ескерту жасады.

Діни көзқарас

Нұрлан имам ерінді үлкейтуге қатысты пікірінде былай деді:

«Ерінді үлкейту харам. Біздің намазхан қыздар істеп алғансыздар. Қияметте иншааллаһ жауап бересіздер».

Кеңес және ескерту

Ол қыздарға орамал таққан жағдайда, косметологиялық операцияларды асықпай, сабырлы түрде қарау керегін айтты:

«Орамал таққан қыз блефаропластика жасатты ма, орамал шешетін күнің өте жақын, асықпа. Инстаграмға билеп құтырып шығып жатсың ба, сол нәрсеңде тұрақтап қал».

Моральдық пікір

Сонымен қатар, Нұрлан имам байлық пен сән-салтанатқа қатысты ой қозғады:

«Сенің бай болғаның қазаққа зияны жоқ, бірақ ақыры дұрыс емес. Сондықтан құдай ақырын оңдасын дейміз. Айтпақ болғаным, олай жасамаңыздар. Ерінді үлкейту жақсы емес».

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз