Қоғам

Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

16:08, 22 желтоқсан 2025 28

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

"Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29 желтоқсаны мен 2026 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады", - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара өткізу көзделген.

Балаларға бос уақытында:

кітап оқу;
музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу;
қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу ұсынылады.

Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз