$ 444.3
€ 490.91
₽ 5.41

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 107 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Редактор
14.11.2026, 14:49
e-history.kz
e-history.kz
Зұлқия Жұматова 1920 жылы 20 ақпанда өмірге келген

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова дүниеден өтті. Қаралы хабарды белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында қазақ телевизиясының ардагері Зұлқия Жұматованың қайтыс болғанын хабарлап, көңіл айтты.

«Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова апамыз 107-ге қараған шағында бақилық болды», – деп жазды Қымбат Досжан.

Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы, ұлттық телевизия тарихында өшпес із қалдырған тұлға.

1958 жылы Алматы телестудиясы ашылған кезде дикторлыққа жарияланған байқауға қатысып, 750 үміткердің арасынан іріктеліп алынған. Оның дауыс мәнері мен сөйлеу шеберлігіне әйгілі режиссер Шәкен Айманов жоғары баға берген. Сол жылдың 8 наурызында алғаш рет қазақ тілінде телеэфирге шыққан Зұлқия Жұматова 1970 жылға дейін телевизия саласында еңбек етті.

Ол дикторлық қызметімен қатар әдеби шығармашылықпен де айналысып, өлеңдер мен балаларға арналған туындылар жазған. 2023 жылы өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір өтіп барады көрген түстей…» атты кітабы жарық көрді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау