Степногорск маңында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 23 наурызда Степногорск–Заводской ауылы тасжолында ВАЗ жеңіл көлігі мен YUTONG автобусы соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған екі бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Ақмола облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.