Шоу-бизнес әлемі

«Қарғап өмір сүріп не керек?»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ренішін айтты

10:09, 06 қаңтар 2026 160

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман әлеуметтік желіде адамдар арасындағы қатыгездік пен ашу-ызаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол жазбасында кей жандардың өзгенің өмірін аңдып, қарғап, негативке бой алдыруын түсіне алмайтынын атап өтті.

Айманның айтуынша, әр адам өмірден өз деңгейіне сай дүниені көреді және аз ғана ғұмырды бақытсыздыққа арнау орынсыз.

Әркім не көргісі келсе, соны көреді. Бұл – адамның ішкі деңгейінің көрінісі, – деп түйіндеді ол сөзін.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз