Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде әлемдік саяси ахуал мен халықаралық деңгейдегі даулы істерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ол жазбасында қазіргі жаһандық элитаның әрекеттерін сынға алып, құндылықтар дағдарысы жайлы ой қозғады.
«Адамзат санасына сыймайтын, құндылық атаулының күл паршасын шығарған жабайы “әлем элитасының” мына тірлігіне қарап отырып, мұндай “өркениетіңе” түкіргенім бар дегің келеді! Жиіркенемін!
Еркегі таққа жетіп қораға түскен аш қасқырша қой жарғандай қанға тойып ап, көзі қанталап тоқтайтын емес. Әйелдің көшбасшы болғанының түрі анау! Әлем ұлттары мәртебе санайтын биік мінберді қорлап отыр. Екі сөздің басын әрең қосып…
Әлемді дүр сілкіндіріп жатқан “атақты” файлдар ісі бойынша тергеу шексіз байлық пен биліктің қандай жетесіздікке, арсыздыққа апаратынын көрсетті. Оқымаған қараңғылар дейін десең, тауыспаған білімі жоқ. Сонда ғалымнан залым шығу білімнен емес, жүректен болып тұр ғой! Иман мен ынсап білмейтін қуыс кеудеден ғой…
Сабыр бере гөр…», – деп жазды журналист.