Қоғам

«Елге неге қайтпайсың»: Қабатовтың Дубайда қалған қызы отбасына оралғысы келетінін айтты

10:36, 04 наурыз 2026 18

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы ахуалға қатысты оқырмандарына үн қатты, деп жазады bairaqmedia.kz.

"Бұл елде бес жыл тұрып келемін. Қаншалықты қауіпсіз екенін жүрегім сезеді. Сабақ 8 наурызға дейін онлайн форматқа көшті. Өзімді карантиндегідей сезініп жүрмін", – деп жазды ол.

Әдемі уақытша онлайн оқуға көшу өзіне оңай соқпағанын жасырмады. Үнемі жоспармен жүріп үйренген ол үшін қозғалыстың азаюы ерекше әсер еткен.
Сондай-ақ желідегі "елге неге қайтпайсың?" деген сұрақтарға жауап берді.

"Мен қайтқым келмейді дейсіздер ме? Әрине, үйге қайтқым келеді. Ата-анам әр бес минут сайын хабарласып, уайымдап отыр. Егер отбасым жанымда болса, өзімді әлдеқайда қауіпсіз сезінер едім", – деді Әдемі.

Сөз соңында ол өзіне алаңдаған жандарға алғыс айтып, жағдайының жақсы екенін жеткізді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз