Қарағанды облысында 15 жастағы қызды күштеп тұрмысқа берген

Редактор
17 мар. 2025 г., 15:52
Қарағанды облысында 15 жастағы қызды күштеп тұрмысқа берген

Қарағанды облысында 15 жастағы қызды еркінен тыс тұрмысқа берген. Бұл туралы «Не молчи» қоғамдық қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққаннан кейін бес күн бойы зорлық көрген қыз жүрек ауруымен ауыратын туған әкесіне қашып барған.

Олар бірден полицияға арызданған. Бірақ әдеттегідей, өтініш қабылданбай, сараптамаға жіберілмеген. Біз уақытты жіберіп аламыз деп қорқып отырмыз. Біздің араласуымыздан және ювеналды полицияның көмегінен кейін ғана қызды Қарағандыға сараптамаға жіберді, бірақ ілеспе тергеуші құжаттарды дұрыс рәсімдемеген, ал қызды тағы да сараптамадан өткізбестен қайтарып жіберген, – делінген қор хабарламасында.

Ал, облыстық полиция департаменті 15 жастағы қызды зорлауға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Аталған қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес және тергеу мүддесін ескере отырып, өзге ақпарат жарияланбайды, – делінген полиция хабарламасында.