Аймақ

Қайғылы жағдай: Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты

16:14, 10 ақпан 2026 50

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Апат бүгін Қарғалы ауданында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе – Орск тасжолында Opel маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және ауыр салдарға жиі әкеп соғатын қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз