Путин Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады

Редактор
16.03.2026, 14:35
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, азаматтардың 87,15%-ы Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдап дауыс берді.

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституция бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлады Кремль.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша референдумның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Қазақстандағы конституциялық реформалар елдеріміз арасындағы одақтастық қарым-қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Сізге табыс, сондай-ақ мықты денсаулық пен береке тілеймін", - делінген хабарламада.

Жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, азаматтардың 87,15%-ы Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдап дауыс берді.