Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Бауыржан Артықов – 1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.
2023 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы болды.
2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен "Батыс"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және "мінсіз қызметі үшін" медальдарымен наградталған.