Аймақ

Павлодарда 5 жасар қыз терезеден құлап кетті

08:46, 22 мамыр 2025 44

Павлодарда 5 жастағы қыз терезеден құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бала үйдің екінші қабатынан құлаған. Дәрігерлер қызды облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызды.

2020 жылы туған қыз бала тұрғын үйдің екінші қабатындағы ашық тұрған терезеден абайсызда құлап кеткен. Асфальтті алаңға арқасымен түскен. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы облыстық ауруханаға жеткізіп, кезекші хирург қарап шықты. Зерттеулер нәтижесінде кеуде омыртқаларының компрессиялық сынуы, құйымшағының көгеруі анықталған. Қыз травматология бөлімшесіне жатқызылды, – делінген хабарламада.

Қазір балаға барлық диагностикалық және емдеу іс-шаралары көрсетіліп жатыр

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз