Аймақ

Павлодар облысында ҚТЖ қызметкері есірткі таратқан

10:00, 14 наурыз 2025 16

Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Үйлестіру кезінде Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірі «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері болып шықты, ол өзімен бірге достарына есірткі таратқан.

Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша («Есірткіні мақсатты дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау», «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу, жіберу немесе сату, сондай-ақ заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау үшін, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тасымалдау және жарылғыш құрылғыларды алып жүру») полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті. 

Полиция азаматтарды кез-келген ақпарат туралы хабарлауға шақырады, есірткінің заңсыз таралуына қарсы күресте көмектесу, үшін біздің қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз