Қоғам

«Көз жасымды тоқтата алсам ше…»: Ләйлә Сұлтанқызы неге жылады?

15:02, 14 наурыз 2025 15

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы актриса Баян Алагөзованың Астанада өткен «Queen» атты авторлық мюзиклына барып, ондағы көріністен көз жасын тоқтата алмаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Тележүргізуші алдымен мюзиклден алған әсерін бөлісіп, жоғары баға берді.

Барғандардың тамсанғаны, кейбірінің Алматыда өткенмен салыстырғанының өзі бөлек әңгіме. Кәсіби музыка, жарық, дыбыстан басқа Арман Дүйсеновтың «Туған жер» әнінің шығу тарихына тоқталғанда, көз жасымды тия алмадым. Сүртейін десем, орамал алмаппын. Ешкім көріп қоймасын дегендей қолыммен қайта-қайта бетімді сипап қоям, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Оның бұлай көңілінің босауына марқұм болған жолдасының мазарына барған кезде болған оқиға себеп болған.

Құран бағыштауға Қайрекеңнің басына барған сайын, мазаратының қасынан Арман мен ұлының жатқан жерін көреміз. Соңғы рет барғанда да, қарап тұрып, жүрегімнің сыздағаны-ай! Кезінде жақын араласқан Арманды, ұлын «Алла тағала панасына алсын» деп дұғамызға қостық. Кеше Баян Арекеңді көрсетіп, еңбегін елеп, құрметін білдіргенде, сол бір Кеңсайдағы көрініс көз алдыма келе берді, – деді журналист.

Ләйлә Сұлтанқызы жазба соңында оқырмандарын бір-біріне мейірімді, қамқор болуға шақырды.

Бәріміздің баратын жеріміз ғой, осы қасиетті айда әрқайсымыздың жақынымызға бағышталған дұға, оқылған құранымыз қабыл болсыншы. Өмір деген сондай қысқа, бір-бірімізге мейірімді, қамқор болып, қолдап жүрейікші?! – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз