$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Пәкістанда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

Редактор
13.10.2026, 13:46
Пәкістанда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
14 вагоны рельстен шығып кеткен Пәкістанның Пенджаб провинциясындағы Мултан қаласында Rehman Baba Express жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан бес адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. Бұл туралы Geo TV телеарнасы ақпарат таратқан. Телеарнаның мәліметінше, Карачиден Пешаварға бағыт алған пойыздың барлық 14 вагоны рельстен шығып кеткен. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 05:15 шамасында Шер-Шах көпірінің маңында болған. Зардап шеккендер Мултан қал

14 вагоны рельстен шығып кеткен

Пәкістанның Пенджаб провинциясындағы Мултан қаласында Rehman Baba Express жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, салдарынан бес адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Geo TV телеарнасы ақпарат таратқан.

Телеарнаның мәліметінше, Карачиден Пешаварға бағыт алған пойыздың барлық 14 вагоны рельстен шығып кеткен. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 05:15 шамасында Шер-Шах көпірінің маңында болған.

Зардап шеккендер Мултан қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Оқиғаның себептері әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Жолаушылардың бірі журналистерге апат болардан аз уақыт бұрын жұмысшылар вагондардың бірінің бекіткіштерін жөндеп жатқанын айтқан.