Қоғам

«Пайдакүнемдер»: Майғазиев пен Еспановтың ұлы билеттерді үш есе қымбат сатып жатыр

14:40, 30 қыркүйек 2025 591

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет “Қайрат” – “Реал” ойынына алынған билеттерді қымбат бағамен қайта сатып жатқаны әлеуметтік желілерде үлкен наразылық туғызды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

“Бір билет бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Саудасы бар аз-маз. 34 сектор, 9 қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. “Қайрат” клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің”, – деп жазды Олжас. 

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы да билет сататынын жариялады. 

“9, 14, 1, 8 қатарлардан билеттер бар. 350 мың теңгеге беремін. Тездетіп жекеме жаза қойыңдар”, – деп жазды Әділет Майғазиев.

Саясаттануша Сырым Итқұловтың айтуынша, олар шамамен елуге жуық билетті иеленіп, әрқайсысын 1600 доллардан саудалауда. Бұл жағдай “бір адамға үш билеттен артық берілмейді” деген талаптың сақталмағанын көрсетеді.

«Жанкүйерлер бірнеше сағат бойы кезекте тұрып бір билет алудың өзі қиын болғанын айтып, клуб басшылығына ашулы пікірлерін білдіруде. Ал Еспановтың ұлы болса әлеуметтік желідегі парақшасында билеттерді ашық түрде сатқан. Көпшілік “Қайрат” клубы билеттерді дұрыс адамдарға таратпағанын сынға алып отыр», - деп жазды ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз