Аймақ

Арал тұрғыны жеңгесіне себепсіз тиіскені үшін қамауға алынды

11:06, 30 қыркүйек 2025 48

Қызылорда облысының тұрғыны жеңгесіне қайта тіл тигізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Арал аудандық сотының мәліметінше азамат К. үйіне мас болып келіп, жеңгесіне себепсіз тиісіп, былапыт сөздер айтқан.
 
"Бұған дейін ол 2025 жылдың 6 мамырында осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылса да, еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Сотта жәбірленуші кешірім бермейтінін айтып, оған жаза қолдануды сұраған.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасына кесілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз